Туған өлкем - Қарағандым! – rzhnvtx

Бұл бетте «Туған өлкем - Қарағандым!» атты rzhnvtx жазған туған жер туралы өлең берілген.

Туған өлкем, Отаным, тал бесігім,
Адамзатқа танытқан ер есімін!
Қасым туған, Әлихан мен Сәкен туған
Қарағандым,
Болашаққа айқара ақшан өз есігін!

Туған жер әркімге де ыстық дейді,
Кей адамдар бұны да түсінбейді.
Балқаш көлі, Қарқаралы табиғатын
Шет елдерді аралап, менсінбейді.

Қарағанды - Отаны кеншілердің,
Тәттімбеттей ұлы әнші-күйшілердің.
Головкиндей танытса атын жердің
Әлемге арттырады даңқын ердің!


Пікірлер (2)

Аманбаева Жадыра

Автор кім

Аманбаева Жадыра

Тақпақ авторы кім

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар