Дірілдейді қауызы көктем гүлі – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Дірілдейді қауызы көктем гүлі» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 962
Дірілдейді қауызы көктем гүлі,
Жауып жатыр наурыздың көктен нұры.
Алып ұшқан жүректей мың тырнаның
Сыңсып келіп, мен жаққа өткен бірі.
Айхай, сұлу аяулы арман шағым,
Сүртіп жатыр тірліктің қонған шаңын.
Кейін қарай тізгінді тарта берме,
Жасық дауыс, әлсіз мұң, қорғаншақ үн.
Айналса да алыста тау мүсінге,
Естілсе екен бала үні аула ішінде.
Мендік Сенім басына тәжін киген
Қалса деймін өзінің тау күшінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері