Сағыныш
Бұл бетте «Сағыныш» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынудан да,
Зарығудан да,
Самалы салқын жағалаудан да,
Шаршадым.
Қамығудан да,
Қабынудан да,
Бақшаны сенсіз аралаудан да
Шаршадым.
Аспаныңнан да,
Асқарыңнан да,
Аяғың басқан тастарыңнан да
Қызғандым.
Шалдарынан да,
Жастарынан да,
Қасыңда жүрген достарыңнан да
Қызғандым.
Шаштарыңа да,
Қастарыңа да,
Көзіңді жұмып, ашқаныңа да
Құштармын.
Күлгеніңе де,
Жүргеніңе де,
Әркімге ашық жүрегіңе де
Құштармын.
Сүйгеніңді де,
Күйгеніңді де,
Жайымды менің білгеніңді де
Сезіндім.
Көздеріңді де,
Сөздеріңді де,
Есіме алып, таң атқан шақта
Көз ілдім.
Ержан Қабышұлы (Bura-Naiman)
19.08.2023
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі