Өлең, жыр, ақындар

Абай жолымен...

Оқыдық бітті,
5-жылда өтті.
Не бітірдік көз-көрер?
Дипломды алды,
Сандыққа салды,
Деп айтпасын өзгелер!

Түркістанға барып,
Не білім алдық?
Дәлелдер оны, кез-келер!
Білгенің жақсы,
Білмесең бақсы,
Отырмаспыз, ай... қарап.

Дипломды алып,
Папкаға салып,
Қайта тапсырдық оқуға.
Интернатура,
Резидентура,
Білімді қудық натуре(а).

Түйіндеме түйіп,
Білімді жиып.
Жұмысқа қадам басамыз,
Берілмей мұңға,
Бір аттап шыңға,
Асулардан әлі асамыз!

Халыққа қызмет!
Бізге міндет!
Ол сынақтан да өтеміз.
Қолдан келгенше,
Алла бергенше,
Халыққа қызмет етеміз!!!
Ин шә Алла.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз