Білесің бе тегім кім мына менің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Білесің бе тегім кім мына менің?
Мен Адаймын ардақты менің тегім.
Бөлініп жатқаным жоқ қазағымнан,
Тек тегімді айтайын деген едім.

Кім еді Адай деген білесің бе?
Айналған Маңғыстаудың иесіне.
Қалың Адай Маңғыстауды мекен еткен,
Сеніп келген Әулиелер киесіне.

Ал ендеше бастайын мен бір жырды,
Шежіре ғой жазып кетер өте құнды.
Оқығаным рас болса егер менің,
Адайым Байұлының кенже ұлы.

Кәрі шаңырақ иесі Адай деген,
Салт дәстүрін ұмытпай сақтай білген.
Отпаннан асырмай дұшпандарын,
Қарсы келген дұшпанын таптай білген.

Бұл Адайым Бекет деп ұрандаған,
Дұшпандары қарсылас тұра алмаған.
Ежелден елім деген ерлер еді-ау,
Қорқатын тек қана бір Алладан.

Маңғыстаудай жерімді мұра еткен,
Тарих болып, аңыз боп бізге жеткен.
Келешек ұрпағының қамын ойлап,
Бабаларым бұл жер үшін қанын төккен.

Маңғыстауды мекен еткен қалың Адай,
Отпаннан жау өтпеген бері қарай.
Қанша жау келсе дағы ала алмаған,
Көгінде демеу болып жалғыз Құдай.

Сол Адайдың ұрпағы мына менмін,
Адай Шоңай болады шыққан тегім.
Маңғаз дала Маңғыстаудың тумасымын,
Өтейінші қазақ боп тағылмай мін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білесің бе тегім кім мына менің өлеңінің авторы кім?

Әмір Әділет Нұркенұлы — осы өлеңнің авторы.

Білесің бе тегім кім мына менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Білесің бе тегім кім мына менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әмір Әділет Нұркенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білесің бе тегім кім мына менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері