Қыздар күні – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қыздар күні» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бүгін – бүкіл әлемде қыздар күні,
Орындалар тек қана қыз жарлығы.
Қыздар күні – сауықтың қызған күні,
Білінбейді күннің де ызғарлығы.
Қыздар күні қыздарға гүл ұсындық,
Гүлмен бірге жүректен жыр ұсындық.
«Әйелдерсіз өмірдің сәні жоқ!» деп
Айтылған сөз ежелден – ұлы шындық!
Қыздар күні астың да дәмі балдай,
Жүгіреді жігіттер жаны қалмай.
Әйелдерсіз, құдай­ау, еркек байғұс,
Не нәрсеге өмірде жарығандай?
Қыз жігітке қалайша еркелемес,
Солар үшін өтті ғой сан төбелес.
Нәзік жанын әйелдің ұға алмаса,
Еркекпін деп жүргендер – еркек емес!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері