Бұл бетте «Қол туралы жыр» атты Ескен Елубаев жазған поэзия туралы өлең берілген.
Бiр жасында қос қолын
Емiзiкше сорды ол.
Екiсiнде еңбектеп,
Аяқ еттi қолды ол.
Қасық қылып ас iштi,
Үш жасында қолымен.
Төрт жасында күрек қып
Жер қызып жүр онымен.
Бес жасында қолдары
Қалды мүлде жұмыссыз.
Бүлдiргеннен басқаны
Бiлмес қолы тынышсыз.
Жетi жасқа келгенде
Қолын нағыз қол еттi.
Қағаз, қалам ұстады,
Мектебiне келедi.
Қолы iске жарады,
Бiрiншiге ол барады.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі