Он төрт әріп – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Он төрт әріп» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Скетч)

– Сұраймын кешiрiм,
Кiм сенiң есiмiң?
– Жарылқапберген!
– Өте қызық екен
Өзiң шидей болсаң да,
Атың тым ұзын екен...
– Оның несi мiн,
Кiм сенiң есiмiң?
– Сəт!
– Бар жоғы сол-ақ па?
Өзiң үйдей болсаң да
Атың тым шолақ та...
– Сенiң атың он төрт əрiп,
Оһо-һо!
– Сенiң атың үш-ақ əрiп,
Еһе-һе!
– Оған таң қалма.
Фу!
Менiң бiр немiс досым бар,
Фамилиясы – Шу.
– Сол да сөз екен-ау, – деп,
Жарылқапберген мақтанды тұра қалып, –
Менiң корей досым бар
Фамилиясы – Ю,
Бiр-ақ əрiп...
– Айтпақшы, сенiң фамилияң ше?
– Мұқанбетсабыров.
– Кететiндей екен адам жаңылып.
– Ол аз болса, əкемнiң аты – Тiлеумағанбет.
– Ойбай!
Екеуi де атыңа сай екен сондай.
Батырым,
Аты-жөнiң тұп-тура бiр шақырым:
Мұқанбетсабыров Жарылқапберген Тiлеумағанбетович.
– Күлме,
Оған кiнəлi мен емес мүлде.
Ал сенiң фамилияң ше!
– Раев.
– Атыңа лайық.
Ал əкеңнiң аты кiм? Мүмкiн ол да шолақ ат шығар?
– Нұр.
– Ту, пəле-ай,
Əдейi iстегенсiңдер ме, бұл.
Раев Сəт Нұровичсiң бе, сен, сонда.
– Дұп-дұрыс. Күлкi ме сол да.
– Ендеше, ресми түрде танысайық.
Жарылқапберген Тiлеумағанбетович Мұқанбетсабыров.
– Сəт Нұрович Раев.
– Кел, қол алысайық...
***
Бұл скетчтiң моралi:
Балаға атты талғамай
Қоятындар бар əлi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он төрт әріп өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Он төрт әріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он төрт әріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он төрт әріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері