Ретсіз қуаныш – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Ретсіз қуаныш» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Футболшы гол соқты,
Стадион қол соқты.
Қуанды ол, секiрдi
Жас бала секiлдi.
Қол алып достары,
Сүйдi оны, қоштады...
Созылып сiңiрi,
Ол еңбек сiңiрдi.
Жөн делiк оныкi.
Не жорық менiкi?
Отырып үйiмде,
Қуанған күйiмде,
Лақтырып бөркiмдi,
Құшақтап əркiмдi,
Уралап жүргенде,
Оқыс қол тиген бе,
Кесенi сындырдым...
Мен немдi тындырдым?
Бостан-бос бүлдiрдiм...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері