Өлең, жыр, ақындар

Тілашар

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 728
(аллитерацияға құрылған)

«А»
Астанамыз – Алматы.
Алатау асқақ аясы.
Алқабында атақты
Алқызыл апорт алмасы.
«Ə»
Əпендеше Əкiмiң
Əкелдi де əлгiнде,
Əпкесiнiң əтiрiн
Əлек шашып əркiмге
«Б»
Бiлмейтiнмiн болғанын бұрын бұндай,
Бiтiк бiткен барынша биыл бидай.
«Ж»
Жайылып жасыл жайлау жатыр,
Жарасып, жайғасып жылдағыдай,
Жұрт жабыла жайлап жатыр.
«Т»
Толқыны таудай тепкiлеп,
Телегей теңiз түнердi.
Теңселместен теплоход
Теңiздiң төсiн тiледi.
«Қ»
Қиғылықты қыңыр қылды:
Құрықты қиды, қырықты,
Құрықты қырқып құртты.
«О»
Олар отырып, ортақ ойын ойнады,
Ойынды ойлы ойнағандары оңдады;
Ойламай, олақ ойнағандары оңбады.
«Ү»
Үңiрейген үйдей үңгiр үрейлi, үнсiз,
Үңгiрге үңгуге үмiттенбе, үмiт үз.
«Т»
Түйетауық,
Түйеқұстың,
Түйенiң,
Түрiн танып,
Тобықтай түйiн түйерiм:
Түп тамыры
Тарайтұғын тереңнен
Түбi тектес, туыстас деп бiлемiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақыл қайда

  • 0
  • 0

Ақ мамасы сүйікті
Қойдың басын үйітті
Былбыратып пісірді,
Табаққа әкеп түсірді.

Толық

Бұршақ

  • 0
  • 0

Бұршақ кең даланы
Төпелеп барады.
Күйiнген күйiмде,
Тыпыршып үйiмде,

Толық

Мен бақташы

  • 0
  • 0

Əкеме ерiп, жиналып,
Қолға қамшы аламын.
Табынды өзiм суарып,
Шалғынға айдап барамын.

Толық

Қарап көріңіз