Жолбарыстар мен пілдер шайқасы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Жолбарыстар мен пілдер шайқасы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кiм көрдi бұл шайқасты,
Күш сынасып байқасты,
Жолбарыстар бiр жолы
Пiлдерменен айқасты.
Күн ұзаққа ұрысты,
Жеңiсе алмай тұрысты.
Жолбарыстар кеш түсе
Болды халi қыл үстi.
Жолбарыстар шара жоқ,
Бəрi естен танар боп,
Тышқандарға жалынды
Көмек сұрап, амал жоқ.
Дедi келе тышқандар:
– Кəне, пiлдi ұстаңдар!
Пiлдер қаша жөнелдi,
Зəрелерi ұшқандай.
«Құлағыма кiрер», – деп,
«Тесiп, оны тiлер», – деп,
«Құлағанша жерге бiз,
Шықпай сонда түнер», – деп.
Тышқанға амал таба алмай,
Соғысуға жарамай,
Қашты пiлдер жөңкiлiп,
Алды-артына қарамай.
Тышқандардың жасағы,
Жауды жеңiп, жасады.
Содан берi пiлдерiң
Тышқан көрсе,
Қашады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері