Қайран өлең қашырды да ұйқыны – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қайран өлең қашырды да ұйқыны» атты Жарылқасын Аманұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

Қайран өлең қашырды да ұйқыны,
Ұйқы шіркін шығарады ұйқы-тұйқыны.
Самайдың да қыраулары молайып,
Көздің алдын басты әжім қиқымы.
Көмейде сөз жетіп жатыр лапылдар,
Лапылдатып жазуға да қақың бар.
Он мың тонна темір ойдан он грамм,
Алтын ойды іздейді екен ақындар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері