Қайтесің бағың жанбаса – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қайтесің бағың жанбаса» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайтесің бағың жанбаса,
Ойлаған бола бермес-ті.
Ойдың да көбі далбаса,
Ойлаймыз кейде өнбесті.
Кім жетті оңай мұратқа,
Кімнің жоқ сәтсіз күндері.
Талайлар талып құлап та,
Талайдың солған гүлдері.
Түңілу алған тағы жат,
Тағдырдан күткен рақым.
Ғайыптан бір күш қағып ап.
Бар шығар шыңы шығатын.
Сергі де серпіл қайғыдан,
Мұқала берме жасықтай.
Бірде жоқ, бірде бай қылған,
Өлшеуіш өмір дүние.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері