Өлең, жыр, ақындар

Табиғаттың заңына бағынасың

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 588
Табиғаттың заңына бағынасың,
Кімге бұдан кұтқар деп шағынасың.
Сіңіп кеткен сағымға сайғақтардай,
Күндерінді күрсіне сағынасың.
Ақ түсіпті шашқа да, самайға да,
Өзгереді бұл өмір қалай ғана?
Таң атып тұр сол қалпы, күн шығып тұр,
Ай туып тұр сол қалпы, арайлана.
Мен туғанда көк-жасыл көктем екен,
Туған күні ақ жауын төккен екен.
Ақ жауындай алдыңда, ей, дүние,
Сезімімді себелеп өтсем екен.
Жарқырасын жұлдызым маңдайдағы,
Дәмі кетпей тәтті әннің таңдайдағы.
Жабымын ба, мен әлде жүйрікпін бе?
Жүйрік аз ба жүдеген жанбай бағы.
Көрсем екен бәрін де, көрсем екен,
Бар-жоғымды халқыма берсем екен.
Аз емес қой арманда өткен ақын,
Ризығымды армансыз терсем екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқысыз өтті сан түндер

  • 0
  • 0

Ұйқысыз өтті сан түндер сарғайып өтіп сары таң,
Ойлардан шығар ормандай арса-арса болып арысам.
Зымырап, жалған дүние сен қанша жүйрік болсаң да,
Арманға толы жүрекпен ақтық дем алып жарысам.

Толық

Құштарлықтан жаралмаса дүние

  • 0
  • 0

Құштарлықтан жаралмаса дүние,
Жүрмес ем-ау күйіне де сүйіне.
Түтін түтетіп, тірлік отын жақпасам,
Өзге түгіл өзімнің де үйіме.

Толық

Дүние-ай, кәусарыңа қанған бар ма

  • 0
  • 0

Дүние-ай, кәусарыңа қанған бар ма,
Арманнан жетелейсің армандарға.
Үмітін бір өзіңнен үзбейді екен,
Жүруден жүзге келіп қалғандар да.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар