Түнерме, бұлт, түнерме – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Түнерме, бұлт, түнерме» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түнерме, бұлт, түнерме,
Түнерсең, жасын білер де.
Кеудеңді тіліп, осқылап,
Селт етіп төгер лезде.
Түнерме, бұлт, түнерме,
Түнергендердің күні өзге.
Түнерме, топас, түнерме,
Түнерсең, халық білер де.
«Топастың сыйы осы» деп,
Мойныңа құрым ілер де.
Таппасаң тесік кірерге.
Түнерме, топас, түнерме,
Түнергендердің күні өзге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері