Ынтызар жүрек – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ынтызар жүрек» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ынтызар жүрек бәріне,
Табиғат көркіне, сәніне.
Құшам да таң нұры шапағын,
Елтимін бозторғай әніне.
Ынтызар жүрегім бәріне,
Ұшсам деп ғарыштан әріге.
Сүймекпін арлыны, адалды,
Алдамшы өмірдің сәні не?!
Ынтызар жүрегім бәріне,
Сәбиге, жасқа да, кәріге.
Үзілмес өмірдің арқауы,
Сендерсің мәңгіден-мәңгіге.
Ынтызар жүрегім бәріне,
Бәріне бал шырын нәріне.
Сүюден жерісем өмірді,
Өмірдің мен үшін мәні не.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері