Бұл бетте «Хаттар, хаттар, хаттар-ай» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 08.01.2024
- 0
- 0
- 1811
Хаттар, хаттар, хаттар-ай,
Қимас-сыйлас жандардың,
Хат соңында аттары-ай.
Сөзі жүрек лүпілі,
Пейілдерінің аппағы-ай.
Қалай жүрем аттарын,
Жүрегіме сақтамай?
Бұл өмірде көбі жоқ,
Жанарымды жас жуып,
Күйзелтіп күн батқаны-ай.
Тамағымды жас буып?
Жас па, әлде тас буып?
Күрсінтіп таң атқаны-ай.
Өткен өмір куәсі,
Хаттар, хаттар, хаттар-ай.
Сағынышым – сахара,
Сахара шөл аптабы-ай.
Аптап өртке айналып,
Қуырып жеп жатқаны-ай.
Он сегіз мың ғаламды,
Шарласа да қиялым,
Бірге жүрген күндердің,
Іздерін де таппады-ай.
Мына жалған дүниенің,
Жарты беті жап-жарық.
Жарты беті екен-ау,
Жарты беті қап-қара-ай.
Қимас-сыйлас жандардың,
Сөзі қалған хаттары-ай,
Көзі талған хаттары-ай.
Опасы жоқ дүние,
Оралмайтын шақтар-ай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі