Көп болса білгеніңнен білмегенің – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Көп болса білгеніңнен білмегенің» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көп болса білгеніңнен білмегенің,
Хош алғын білімдіні, күндемегін.
Жаулассаң өзіңе жау жазығы жоқ.
Орынсыз ата-анасын тілдемегін.
Шайқама шайпау сөзбен иманыңды,
Иман нұр төкпе босқа жиғаныңды.
Басқа пәле келеді тілден деген,
Тіліңді хош аламын тыйғаныңды


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері