Өлең, жыр, ақындар

Альбом

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Альбом
Жап-жаңа ғана, таң еді ғой, ә? Таң еді!
Ағараңдаған аспанға мынау таң едім.
Жап-жаңа ғана, кекілін оңға қайырған,
Күн шуағына сығырайған сол бала едім.

Жап-жаңа ғана, жүр еді Әкем жетектеп,
Қалмайтын Ақтөс соңымнан, көзі мөлтектеп.
Тәй-тәйі қандай, шәй-пайы қандай Анамның,
Әлдиі қандай, ұйықтататын өбектеп.

Жап-жаңа ғана, түлегі болдым мектептің,
Жап-жаңа ғана жұмысты бастап, ептеппін.
Жап-жас сұлуды алақаныма қондырып,
Ер жеткенімді жап-жаңа ғана, сезбеппін.

Жап-жаңа ғана, Анамды көрдім, ақ самай.
Әкемді отыр есіне алып, аңсап ай!
Азайды парақ, қорқамын соңын көруге,
Альбомды осы жап-жаңа ашқан, жапсам ай!
Ержан Қабышұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Альбом өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Альбом өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Альбом өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Альбом өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.