Портреттің қимылсыз қимылдары – Оңайгүл Тұржан

Бұл бетте «Портреттің қимылсыз қимылдары» атты Оңайгүл Тұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шақырғандай шыңдардың тұйғын-дәмі,
Қыл қалам-ай, жанға сән құйдың-дағы,
Көзімді арбап барады мына жерде,
Портреттің қимылсыз қимылдары.

Мен де, шіркін, сала алсам!
Саумал кешіп,
бара жатса қаламнан баулар да өсіп,
Киіктердің киесі қарай қалса,
Ақ қағаздың бетімен таулар көшіп.

Сонда оны жазсам бір қыл қаламмен,
Ол ғаламды жайнатып бұл ғаламмен.
Гүл термеген даламды кескіндесем,
Темір де жұмсарар ед, сынбағанмен.

Сәнге құмар баяғы кезім болса,
Төзімдейін қолымда төзім қалса.
Мұхиттай ғып мұхитты көрер едім,
Жүректе теңіздейін сезім болса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Портреттің қимылсыз қимылдары өлеңінің авторы кім?

Оңайгүл Тұржан — осы өлеңнің авторы.

Портреттің қимылсыз қимылдары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Портреттің қимылсыз қимылдары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оңайгүл Тұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Портреттің қимылсыз қимылдары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері