Өмірге қант қосып алуға болса ғой – Жадыра Байбұланова

Бұл бетте «Өмірге қант қосып алуға болса ғой» атты Жадыра Байбұланова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Таңғы шай.
Таныс дәм алғыздық.
Тек үнсіз ішеміз.
Сендегі мұң менен мендегі жалғыздық
Түсі – егіз…

Біз күнде келетін шайxана.
Даяшы – өңді қыз.
Ол тағы таңырқап қарайды, байқама,
Сол дұрыс.

Тағы іште қалады айтылмай соншама ой,
Кетеміз аптығып.
…Өмірге қант қосып алуға болса ғой,
Тәтті ғып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері