Əліппе – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Əліппе» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

А, Ə, Б .... –
Əріп дейді бұларды.
А-Н-А –
Сөз боп əріп құралды.
Қосуды əріпті əріпке
Үйрететін «Əліппе».
Қосып əріпті əріпке,
Сөйлететін «Əліппе».
Алсаң егер үйреніп,
Ойлы ететін «Əліппе»!
Жасамасаң жамандық,
Ұят, Намыс, Адалдық,
Сабыр, Əдеп, Қайырым –
Əліппесі адамдық.
Бірлігінде – Ел күші,
Тірлігінде – Ер күші!
Жақсы ісіңнің барлығы –
Адамдықтың белгісі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əліппе өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Əліппе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Əліппе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Əліппе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері