Күй аңыздар
Бұл бетте «Күй аңыздар» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлшеусіз көп мұрамыз бар,
Соның бірі – күй аңыздар.
Күй аңыз – ел шежіресі,
Жүрекпен тек тыңдаңыздар.
Елдің онда шаттығы бар,
Жаяу да бар, аттылы бар.
Тұлпар, сұңқар, аққу, қаз бен
Аю да бар тəтті құмар.
Онда ел жыры, мұңы да бар,
Табиғаттың сыры да бар.
Бірі өмір жайында айтып,
Жеткізеді бірі хабар.
Айтқанымды ел құптар бүгін,
Түсініп күйді ұққан бұрын.
Күй аңыздар береді айтып
Қай күй қалай шыққандығын.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі