Атам менің орманшы
Бұл бетте «Атам менің орманшы» атты Серікбай Оспанов жазған ата туралы өлең берілген.
«Не жетеді ұшқанға?!
Тамаша ғой, көрейік.
Келіп жатқан құстарға
Ұя жасап берейік.
Көптігі жоқ көмектің,
Қамқор болып жүрейік.
Бұтағына теректің
Ұяларын ілейік.
Бұғы, елік, маралдың
Жағдайын да жасайық.
Серігі олар адамның,
Жем апарып шашайық», –
Дейді атам – Қоршаған
Қорғау өскен ортаңды –
Үлкен міндет ол саған,
Қорғауың ол Отанды!»
Тиіспейді аң, құсқа,
Емес мүлде ол аңшы
Бөленген сан алғысқа,
Атам менің орманшы.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі