Қарлығаштың ұясы
Бұл бетте «Қарлығаштың ұясы» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 28.02.2024
- 0
- 0
- 1208
Біздің үйдің төбесіне
Ұя салды қарлығаш кеп.
Балапандар,
Көресің бе?!
Ашады ауыз қарным аш деп.
Қайтсін енді?!
Аш қалмақ па?
Білем əрі шөлдегенін.
Шығып биік баспалдаққа,
Оларға мен жем беремін.
Бір əуенді қайталағыш –
Жем жеуді жек көрмейді анық!
Шешелері айтады алғыс
Ұшып сосын мені айналып.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі