Ғашығым
Сен менің бойымдасың, ойымдасың,
Ойланамын жүрегім ойылғасын.
Оранып ап, түңіліп отырамын,
Қызыл ет ортасынан сойылғасын.
Жартым деп бұл өмірден сені көрем,
Өмірден жүрегіңе еніп өлем.
Өмірімде сендей жан көрмегенмін,
Өлгенше сезіміме сеніп өтем.
Көздерім жақсы көрген мен демеді,
Сөздерім жан жүректі емдемеді.
Кеудемнің тамырынан тулап шығып,
Жүрегім жақсы көрген сен деп еді.
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
-
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі