Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр – Серік Жетпісқалиев

Бұл бетте «Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алаң далам, алаң тауым, алаң қыр,
Ызыңдайды ми шиырлап мазаң жыр.
Мына өмірдің ардың-күрдің кейпіне,
Мысы құрып жүйкем менің азар жүр.
Шибөрі көп, маң төбетке талаңғыр,
Өтіріктер күл-бүлтесіз, жалаң жүр.
Бәйгелер бар кім келері белгілі,
Тақым жазып тексерілмес шамаң бір!
Шама-шарқың ескерілмес заман бұл,
Заман болды пысықайлар төр аңдыр.
Арсыздардың мазағы боп адал жүр,
Мың кісіге бастық болып надан жүр!
Оларды айтып жазғың келмес жаман жыр,
Оны жазсаң кеудең күңгірт, қалам кір.
Он жолыққан шыдата ма озбырлық,
Шындықты айтып, шер тарқатып алам бір!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері