Жаным талай шырқырап
Бұл бетте «Жаным талай шырқырап» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаным талай шырқырап,
Көңілім талай күйзелді.
Сүйегім талай сырқырап,
Найзаға жүйке түйрелді.
Кеудеге соқты түрлі екпін,
Төзе де бердім, үзілмей.
Өтерін, соның, білмеппін,
Өмірдің сары күзіндей.
Езілген еңсе көтеріп,
Сүрінген түрегеледі.
Қайғының- дағы еті өліп,
Айналып жүре береді.
Бұ күнде жасқап уайымды,
Қайғыға қолым сілтеймін.
Жырыма айтып жайымды,
Шабытпен көңіл бүркеймін.
Мұнымды ерте, кеш демей,
Өкінбей қабыл алғанмын.
Өзгермейді екен ештеңе,
Өтеді екен жалған күн...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі