Ұсынуға өзіңе батпап едім
Бұл бетте «Ұсынуға өзіңе батпап едім» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен қандай аппақ едің!
Өлеңімді оқыдың жатқа менің.
Жүрегімнен үзілген от гүлімді,
Ұсынуға өзіңе батпап едім.
О, неткен жарасымды!
Ұстазынан ұялған бала-сынды.
Екі бетің албырап оқи бердің,
Жүрек сол сәт бұлқынды, аласұрды.
О, неткен көрікті едің!
Әлденеге қуанып, еліктедің.
Жырды аяқтап болдың да батылсыздау,
Қолымды алдың жаныма келіп менің.
Сен қандай аппақ едің!
Өлеңімді оқыдың жатқа менің.
Саған деген мәңгілік сыйлығымды,
Осылайша қалтқысыз сақта менің!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі