Мен тек қана сенімен өмірлімін – Серік Жетпісқалиев

Бұл бетте «Мен тек қана сенімен өмірлімін» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көгілдірім,
Мен тек қана сенімен өмірлімін,
Бермес маған ешкімде төрін бүгін…
Қарап тұрып қабырғам қайысады,
Менен гөрі ауырлау сенің жүгің.
Бірақ ертең алармын үлесімді,
Қиналамын, төзімің түгесілді…
“Ертең” – деумен келемін әлі күнге,
Жалғауменен келемін күресімді!
…Сонда-дағы сен менің ертеңіме,
Арманыма ақ таңдай, ертегіме.
Ақылдым сол, жалт ет те кешірім бер,
Мың ішінен таңдаған тентегіңе!
Сенші менің қалтқысыз ертеңіме!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері