Мен күткен көктем – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Мен күткен көктем» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қарындасым Інжуге

Гүлім менің, жазым менің, көктемім!
Сеніменен мақтанады текті елің.
Қуантуға жабырқаған күздерді,
Көктем болып бұл өмірге кеп пе едің?
Қарындасым, жанымдасың, кеудемде,
Шын қуандым сен өмірге келгенде.
Мезгіл күзсіз, аспан бұлтсыз болмайды,
Қорған болам дауылдан да, селден де.
Ғұмырыңның кірпіштері қалана,
Гүл боласың, нұр боласың далаңа.
Ауызынан түскендейсің әкеңнің,
Тек жанарың ұқсапты ғой анаңа.
Жаратқанның бізге берген сыйысың,
Сағыныштың көптен күткен күйісің.
Былдырлаған тілің сенің тәп-тәтті,
Қылығыңа тоймайды ғой үй ішің.
Жолда сансыз соқпақ болды: есенмін.
Өзен – сынақ әлі талай кешем мың.
Ете алады мені шексіз бақытты,
Сенің күліп, жымиғаны шешемнің.
Шашады нұр көтеріп ап Күн туын,
Айдың аппақ сәулесіне, түн, жуын.
Жер жаһанның маржанынан ең қымбат,
Өзімнің бар баға жетпес Інжуім.
Саған кәмпит толы қалтам бар, күнім!
Мейіріммен баққа толсын әр күнің.
Жаман ағаңның алдынан шығып еркелеп,
Қайда жүрсең, аман жүрші, жарқыным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен күткен көктем өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен күткен көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен күткен көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мен күткен көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері