Жалғыздық жамылған күз – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Жалғыздық жамылған күз» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Көшені кезеді ақ тұман
Ажалдың күпісін киініп.
Жапырақ құлайды сыбдырлап,
Самалмен үзілген күй іліп.
Күн батып барады қарашы,
Қып-қызыл мұңдарға құйынып.
Мен тұрмын жанымды ұға алмай,
Белгісіз күйікке күйініп...
Сұп-суық, тым суық бұл қала,
Бұлттар жүр тәкәппар, кекейіп.
Бәрінен тығылып батыста
Жабырқап барады от бейіт.
Құстар да жып-жылы аймаққа
Ұшуда... Тоқтаңдар, жетейік!
Жауратты бұл қала,
жүректер...
Құстармен ілесіп кетейік.
Самалға еріп-ап жапырақ,
Елес мұң кезуде көшені.
Ызғарлы бұл күзде мен жалғыз...
Жапырақ қыздардың өсегі.
Тұманға адастық бәріміз,
Көктемді ұмытып кешегі.
Мәңгілік көктемді іздеумен,
Бұл жалғыз бұл күзден көшеді.
Қоп-қоңыр көшені кескілеп,
Бір сұлу жүгіред асығып.
Қоп-қоңыр даладай шашынан,
Бұл күздің жұпары шашылып.

Мен сені бұл күзге қимадым,
Көктемгі шоқ гүлді жасырып.
Жапырақ жылады, құлады...
ақ моншақ мөп-мөлдір жас үміт.
Шаштарын тарады тағы да,
Сәулесін түсіріп Айым ақ.
Шомылып сәулеге ағарған,
Мұңайды тағы да қайың-ақ.
Сен басқан жапырақ жүректі
Әкетсе өзендер шайып-ап.
Қоңыр шаш бұл күзден мен кеттім,
Құстармен қанатты жайып-ап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық жамылған күз өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық жамылған күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық жамылған күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық жамылған күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері