Араның ұясындай ғимараттардың бірінде

Бұл бетте «Араның ұясындай ғимараттардың бірінде» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Араның ұясындай ғимараттардың бірінде,
бесінші қабат балконынан қарап тұрмын алысқа...
Алысқа,самсаған шәр шамшырақтарына,
олар мені әлдеқайда шақырады –
әне, шақырып жатыр,
400 шақырым ұзақтықта,
18 жылдық қашықтықта ауылда қалған балалығыма,
ол шақта ойлаушы ем мәңгі бала боп қалам деп...
сондағы ермегім атамның қара магнитафоны болатын,
онда әр түні қазақ радиосынан ертегі естіп көз ілетінмін;
ертегіге сенгенім соншалық ерте есейгім келетін...
Ал күндіз терек басына шығып ап дүрбімен алысқа қарайтынмын,
Қараған сайын,
алыстан маған бесінші қабат балконынан әлдекім көз тігіп тұратын,
Жүзінде жұқалау мұң секпілі білінетін,
әлдебір аңсар сезілетін...
Жылдар бойы дүрбімен оны бақылаумен болдым,
Ол да тек мені аңдумен болды...
Сосын өзіме уәде бердім;
«мен өскен соң сол кісіге,
сол балконға барамын» деп...
Сөзімде тұрдым.
Мен бүгін сондамын.
Бесінші қабатта.
Және алысқа,
балалығыма қарайлап тұрмын әлі...
Ол да әлі жанары жәутеңдеп дүрбімен маған қарап тұр –
Шәр шырақтарындай қарашығынан оқығаным:
«Неге мені өзіңмен алып кетпедің?» дейді..
Бала ғой ол әлі;
ол – мен,
Мен – ол екенімді қайтіп түсіндірерсің?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Араның ұясындай ғимараттардың бірінде өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Араның ұясындай ғимараттардың бірінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Араның ұясындай ғимараттардың бірінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Араның ұясындай ғимараттардың бірінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері