Алматым
Бұл бетте «Алматым» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 24.04.2024
- 0
- 0
- 1022
Алматым,
аңдаусызда маған ұқсап қалғаныңды біліп пе едің,
бүгін тағы
кәрі ағаштар еңіретіп сүйектерін
дірілдеген саусақтары жүрегімнен түртіп қалса
түк етпейді,
тіленшінің қолындағы әжіміндей тыртық қана...
ойларыма тұсауланып көптен бері,
ілтипатсыз кеткен едім,
төмен қарап
ең көріксіз кінәм үшін,
жанарымның алақаны жайылмады:
аспан еді – о, кінәмшіл...
Міне, тағы балдақ қылып маңдайыма бағананы
өкінемін,
Сүйген едім...
Енді ернімді жалап қойып
күйігімді түкіремін...
Ғафу ет, Алматым!..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі