Өлең, жыр, ақындар

Зау тұлға

  • admin
  • 11.06.2024
  • 0
  • 0
  • 279
Шерхан Мұртаза - есімі тасқа қаланған, қазақ халқының алтын тұлғасы. Жылдар бойы Шерхан абызға қазақ жастары арнау өлеңдер жазуда... Міне, осындай жастардың арқасында Шерхан ағамызыдң аты ешқашан ұмытылмайды. Осы жастар арасында менде бармын! (Момыналы Аяулым Мейербекқызы)

Шерхан абыз, Шерхан жыр, Шерхан аға…
Есіл өмір шынында келтеме аға?
Жер бетін жеті кезіп шықса-дағы,
Сіздей ұлы тұлғаны ел табама?

Тарихтың бір ақтарып нақ дерегін,
Өсірейін атамның бақ беделін!
Қалай мен атамызға жып жазбайын?
Таңдайымнан тамып тұрса тәтті өлеңім.

Елдің мұңын жүк қылып арқып келген,
Тауқыметін тағдырдың тартып көрген,
Дүние жимай, өмірдің байлығынан,
Халықтың болашағын артық көрген.

Қазақтың абызы еді, көсемі еді
Көсеміне қарайлап өседі елі
Атамыздың атымен аталатын
Көбейді ауыл,мектеп, көшелері

Пайғамбардың осындай үмбетіне
Әр кез адал еді өзінің міндетіне
Жыл сайын, айлар сайын, апта сайын
Айтыстар өткізілет құрметіне

Осы емеспе атамызды ұлықтаған
Әрқашан еңбегіне құнтты адам
Елі үшін тер төккен алыптарды
Қазағым еш уақытта ұмытпаған

Жол сілтеп есерсоқ пен әнгүдікке
Жүретінсіз жауап болып сан күдікке
Қабырғамыз қайысып қала бердік
Ал сіз кете бардыңыз мәңгілікке

Жалған сөздің жалғанда жанбас бағы,
Ақиқаттың ашыққой мәңгі аспаны,
«Елім» деген есіл ер сіз едіңіз
Ақиқаттың мұңалтпас алдаспаны.

Біздің көңіл оп-оңай суысынба?
Бармақтай бақ бұйырып уысына,
Шындығынан таймайтын ешқашанда,
Тура сөйлеп, жақпайтын туысына!

Сіз туылған - Жамбылдың топырағы,
Алашқа ұйытқы боп отыр әлі,
Шынында, қасиетті киеліғой,
Талаптының таулары, шоқылары.

Дара болып, туғансыз Жуалыда,
Қасиетті сананы суарыла,
Сол Жуалы киелі жер болмаса,
Сіздей ұлы тұлға сонда туады ма?

«Бар» деп, жалғыз Құдайды ұлықтаған.
Қарайтын басын түгел бұрып ғалам.
Бұлттан биік тұрса да атақ-даңқы,
Халықтан төмен екенін ұмытпаған.

Сіз қайтқан күн-тағдырдан жеңілген күн…
Көк аспанның көз жасы төгілген күн…
“Қызыл жебе” құлағанда қиа алмаған,
Рысқұлдай мен дағы егілгенмін.

Күрсінгенмін, жанардан жас бүркенді де,
Басымызға қапыда күн төнді де,
Шынымен жалған екен, о дүние-ай…
Сіз өзіңіз айтып кеткен “Бір кем дүние”!

Бәрі жалған, тұрмаймыз біз мәңгілік.
Өтеді өмір жанымды сыздандарып,
Мұра тастап кете алсаққой артымыздан,
Сіз секілді өшпестей із қалдырып!

Сіз қайтқалы, сырғыды көш қаралы.
Жаза тайым жанаран жас тамады,
Тік қарауға бата алмайтын кім көрінген,
Жалын шашып тұрады қос жанары.

Кең пейілді, ер мінез, нар тұлғалы!
Дара тұлға иесі қазақ халқындағы.
Білмеуші еді, шындығында кім екенін,
Күндеуші еді, адамдар артындағы…

Сөйтеді, болмағасын басқа амалы,
Тік айтуға бәрі бір жасқананды.
Бір өзі - бір төбеге татитұғын,
Қазақ әдебиетінің тас қамалы!

Бұл жалған тиынменен өлшенерме?
Дәл сіздей, әркімге бір ел сенер ме?
Арманы болармеді бұл қазақтың,
Әр баласы дәл сіздей болса егерде!

Еңбегіңнің жемісін халық көрген,
Айналайын өзіңдей даңқты ерден!
Есіміңіз қазақтың тарихында,
Мәңгі қалмақ алтындай әріптермен!

Өлеңмен азды-көпті сыр аштымда,
Мұлыққа зарлықтайын ұластым ба?
Шер ағамның атын еш өлтірмейді,
Қазағым аман тұрса, егер, күн астында!

Момыналы Аяулым Мейербекқызы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер