Өлең, жыр, ақындар

Айқассаң айқас бел буып

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 845
Айқассаң айқас бел буып,
Алайда-дүлей жел қуып.
Адалдық үшін күрессең,
Жететін меже — жер жуық.
Басындырмай, басынбай,
Ақиқатты жасырмай.
Адамдықпен биік бол,
Пенделікке бас ұрмай.
Мені де туған бір Ана,
Сені де туған бір Ана.
Оны да туған бір Ана,
Бата да көрме күнәға!
Қорық қытай-орыстан,
Халқына ғана болысқан.
Әкеміз ата-бабамыз,
Қазақтан барып тоғысқан.
Айқассаң айқас Елім деп,
Өлетін осы жерім деп.
Жанатын жарық жұлдызың
Көгіңнен нұрың төгілмек.
Ұлтыңа берік бол адал,
Ұлтым деген сол адам!
Жүрегі дауыл бұлт айдар,
Алайда-дүлей бораған.
Ұлтпенен туып — ұлтпен өл,
Опасыз бар сырт берер.
Саудаға салса кім ұлтын,
Сыбағасын жұрт берер.
Иілмес менің еңсем де,
Азап пен қайғы көрсем де.
Қазақ боп тудым өмірге
Қазақ боп өлем өлсем де!
Сағым боп өтті сан белең
Азаматтық ар көрем.
Қазағым үшін құрбан боп,
Қазағым үшін жан берем!
Жайқалған тауы, орманы,
Ата да бабам арманы.
Осынау жердің иесі
Қазағым болса болғаны.
Ұрпағым биік самғаңдар
Дәстүрін, салтын жалғаңдар.
Дала таудың қыраны
Айқасып өт, талмаңдар.
Еліне ие бола алса,
Жеріне ие бола алса.
Бауына ие бола алса,
Тауына ие бола алса,
Бұл қазақта не арман бар?!
Толқыны толқып өрледі
Жағалай теңіз-көлдегі,
Жартасы ыстық жерімнің
Тау менен шыңды құраған
Әр тасы ыстық жерімнің.
Шөлдері тылсым тыныштық
Әрбір шөбі ырыс-құт,
Бабамнан қалған көзіндей
Даланың әрбір құмы ыстық.
Ғұмырды берме, берсеңде,
Жұртым деп өлем өлсем де!
Ұлы менің қазағым
Ұлтым деп өлем өлсем де!
Не жетер елге шіркін-ай
Өлмесін дәстүр, ғұрпым-ай!
Мені де, сені, оны да
Адам емес, өйткені
Қазақ еткен бір Құдай!
Ұлтыма тартқан қаным де,
Бір саған құрбан жаным де,
Қазақ еткен қанымды,
Бас иіп өтем Тәңірге!

22 желтоқсан 2002 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аралға хат

  • 0
  • 0

Сырдан алсаң өмірдің қайнар басын,
Айдыныңа неге құс айналмасын.
Ақынның арманына сай болғасын,
«Толқыны көкке ұмтылған Аралым» деп

Толық

Жұмыс

  • 0
  • 0

Терді төкпей ата жолы ақталмас,
Еңбек! Еңбек! Өмір отын жақты алғаш.
Шаршаудың да тірлік үшін мәні үлкен,
Жұмыс! Жұмыс! Сенен артық бақ болмас!

Толық

Гулиа, келдік біздер Кавказыңа

  • 0
  • 0

Гулиа, келдік біздер Кавказыңа,
Ақ басты ала таулы Абхазыңа,
Мырзалығы ұстаған кезге тап боп,
Табиғат берген екен бақ қазына.

Толық

Қарап көріңіз