Өлең, жыр, ақындар

Менiң ауа райым

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 888
Бұзылып тұр менiң ауа райым!
(Соны, бәлкiм, жөн көрдi ме құдайым)!
Бұлт астында қалды менiң күн, айым.
Жақсы болсын ендi соңы ылайым.
Бұзылып тұр менiң ауа райым.
Осы кезгi мен үшiн бiр шақта ауыр
дегендей-ақ:
босқа жатпай қақ дабыл.
Күндiз-түнi –
тұла менiң бойымда –
соғып тұрды ала құйын, ақ дауыл.
Соқсын, соқсын тұла бойды шарласын.
Нерв-жiбiм ұлып, сыңсып, зарласын.
...Арсы-гүрсi тасып жатқан тамырым
бұзып ендi кетер ме екен арнасын.
Былай қалып күдiгiмнiң сақтығы,
сап басылды қызығымның аптығы.
Ұшып кеттi –
арманымның пәктiгi,
үсiп кеттi –
үмiтiмнiң ақ гүлi.
Өртке түсiп ертеңiмнiң өлеңi,
шулап кеттi тiлегiмнiң терегi.
Тебiренiп ойларымның шалқары.
Толқып тұрды ақылымның тереңi.
Тар жол тайғақ кешулi боп жол жатыр,
сол жолдарда өткел бермей ор жатыр.
Жұдырықтай планета жүрегiм
ұшып кете жаздап ендi зорға тұр.
Қуат қалмай,
қажыр қалмай күшiмде,
қалмай ендi бiр береке iсiмде,
қаңғып, лағып бара жатыр қиялым
сол ақ түнек ала құйын iшiнде.
Бұзылып тұр менiң ауа райым!
(Соны, бәлкiм, жөн көрдi ме құдайым).
Бұлт астында қалды менiң күн, айым,
Бұзылып тұр менiң ауа райым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі аэропорт

  • 0
  • 0

Азат болып бұл жерде сан ойлардан
сан тағдырға құнығып қарайды адам:
табысу мен қоштасу, күлу, жылау,
абыр-сабыр асығыс бар айналаң.

Толық

Бүгінгі психология

  • 0
  • 0

Олай деймін,
Бұлай деймін, –
Өзімді кіл алдаймын.
Апыр-ай! –

Толық

Қалай адаспайсың?

  • 0
  • 0

Қарыс жер көрсетпей –
Тұмшалаған! –
Тұманның iшiнде қалсаң
Қалай адаспайсың?

Толық

Қарап көріңіз