Ойын, ойын ғана ма? – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Ойын, ойын ғана ма?» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кей кісі жан дер еді,
Өз қадірін білмеген.
Ауырмаймын,
Себебі,
Шынығамын күнде мен.

Дамыл таппай үнемі,
Жүгіремін аулада.
Ширақ басып жүреді
Дені-қарыны сау бала.

Кейде теңбіл допты да,
Қақпаға дөп тебемін.
Бокста ауыр соққыға
Әркез төтеп беремін.

Турникке де асылып,
Өсіремін бойымды.
Ойламаймын,
Әсілі,
Тек ойын деп ойынды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері