Өлең, жыр, ақындар

Үш батыры қазақтың

  • admin
  • 31.08.2024
  • 0
  • 0
  • 751
І
Біреуі батырымның Момыш ұлы,
Жан еді жүрек жұтқан жаны сірі.
Қол бастап қас жауына қарсы атылды,
Соғыстың естілгенде алыс үні.

Қайырмасы:
Майданға қандай барса да,
Арыстан болып ақырып.
Дұшпанның қолын қаншама,
Өтіпті Бәукең жапырып.
Жүрегі жалын, жаны кең,
Батпақты кешіп, тауды асып.
Жауыз біткеннің бәрімен,
Өтіпті-ау Бәукең жауласып

ІІ
Партизан бір батырым Қасым ағам,
Айналған аты аңызға асыл адам.
Ішінде қалың орман қабыландай,
Қаймығып қан жұтсада жасымаған.

Қайырмасы:
Қасекең қайсар жан еді,
Қайыспас қара нар еді.
Қазағым десе от жайнап,
Түсуге орға бар еді.
Көңілі шалқар көл еді,
Кешегілердің зерегі.
Қайранда Қасым қаһарман,
Қайта бір тумас ер еді.

ІІІ
Батырдың Қошқарбаев тағы бірі,
Жаратқан бөлек етіп тәңірі ұлы.
Ту тіккен Рейхстагқа төте барып,
Рақымжан ел жадында мәңгі тірі.

Қайырмасы:
Найзағай сынды көктегі,
Өзегі жалын отты еді.
Тепсіне келген дұшпанмен,
Тіресе білер текті еді.
Көңілі шолған ғайыпты,
Сертінен қашан тайыпты.
Ұмытпас қазақ баласы,
Рақымжан Қошқарбаевты.

Аттарын атап тағыда,
Әндетер бүгін халқым да.
Тәуелсіз елдің бағына,
Жарала салған батырлар
Жауыздық көрсе жау тұтып,
Жебедей болып атылған.
Мәңгілік жасай бермекші,
Бауыржан, Қасым, Рақымжан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жастықтан да, мастықтан да айықпай

  • 0
  • 0

Жастықтан да, мастықтан да айықпай,
мен де бүгін кетті дейсің байып қай,
қалт-құлт етіп келе жатқан жайым бар
Мұзды мұхит үстіндегі қайықтай.

Толық

Еңсем түгілі, етегімді елге бастырмай

  • 0
  • 0

Еңсем түгілі, етегімді елге бастырмай,
Өзім бар жерде өзгенің жағын аштырмай,
Пендені бетіме қаратып көрген жоқ ем мен,
Бес төбет келіп беттей алмайтын қасқырдай.

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Түсімде (есімде жоқ нақты күні),
алыстан естіліп бір ат дүбірі,
сыңғырлап сауыт-сайман,
кіреукелер,

Толық

Қарап көріңіз