Өлең, жыр, ақындар

Бір кездестім

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 514
Кездесуді Ай мен Жұлдыз қолдайды,
Құтты күнде кездестірді жол жайлы,
Бір кездестім, ғашық болдым,
Сөкпеңдер...
Кездеспеген қызды алуға болмайды.
Бір кездестім сәтті сапар жалғадым,
Аян еттім, отты жырлар арнадым.
Бір кездестім ...
Содан кейін ешқашан
Басқа кызбен кездесуге бармадым.
Бір кездестім ...
Қызды бойда ақ жалын.
Тіл жетпейді, айту қиын ар жағын.
Бір кездестім ...
Содан кейін ешқашан,
Қорғаушыдай қыр соңынан қалмадым.
Бір кездестім …
Тағат тапты арманым.
Дос-жаранға толды төрім, жан-жағым.
Ең ақылды ісім болды жалғанда,
Ең алғашқы кездесуге барғаным.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шексіздік

  • 0
  • 0

Мұнары шексіз
Тұманы кетпес даланың,
Қиялы шексіз
Зиялы туған дананың.

Толық

Бөгенбайға ескерткіш

  • 0
  • 0

Ұлан іс бастау алған Бас қаламыз,
Қуаныш құтты болсын, Астанамыз!
Ескерткіш Қанжығалы Бөгенбайға
Орнаттың, құттықтаймыз, шаттанамыз!

Толық

Ақындық алтын тұғыры

  • 0
  • 0

Өлеңмен ғана жүрер ем
Кей ақынша күнелтіп,
Қатыгез соғыс дүрбелең
Қаусатты елді жүдетіп.

Толық