Сенбісің – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сенбісің» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4214
Кезімде әлім кетіп қансыраған,
Сенбісің қасыма кеп хал сұраған.
Мен үшін қайғы шегіп өңің қашып,
Көзіңнен ыстық жастар тамшылаған.
Сенбісің қолыңды сап маңдайыма,
Бір жұтым су тамызған таңдайыма,
Басыма жастық қойып, бәйек болып
Қараған күндіз-түні хал-жайыма.
Сенбісің ұзақ түнде серік болған,
Жүрегің мейірбанды нұрға толған.
Өзіңе он есе етіп қайтарар ем,
Дариға, жақсылығың келсе, қолдан.
1943.Госпиталь


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері