Туған елім, туған жерім

Бұл бетте «Туған елім, туған жерім» атты Кәкімбек Салықов жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Сүйіп келсе өлкемді күн,
Көрдім кербез жер кеңдігін.
Астанада көк Есілдің
Жағасында терсем гүлін.
Туған елім, туған жерім,
Ол өзіңнің көркемдігің.

Сүйсе сүйсін сүйікті күн,
Сенсіз бақыт жиыпты кім.
Әлемге әйгі даңқыңды айтып
Жүрсең шаттық үйіп бүгін
Туған елім, туған жерім
Ол өзіңнің биіктігің.

Қайырмасы:
Келді шалқып айтар күнім,
Қуатың мол байқар бүгін.
Тәуелсіздік аясында
Тамсандырса шалқарлығың,
Туған елім, туған жерім
Ол өзіңнің дарқандығың.

Ай мен шолпан ғашық сырым,
Жұлдыздардан тасып бүгін;
Ғарышкерлер есен келсе,
Қарсы алады асыл жырым.
Туған елім, туған жерім
Ол өзіңнің асылдығың.

Жарқыратқан ел кескінін,
Жақсылыққа жалғасты үнім.
Қазақстан қарқынына,
Ел қалған жоқ сенбес бүгін.
Туған елім туған жерім,
Ол өзіңнің дербестігің.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған елім, туған жерім өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Туған елім, туған жерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған елім, туған жерім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған елім, туған жерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері