Өлең, жыр, ақындар

Махамбет

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 391
Махамбет асқақ тұлға зеңгір қиян.
Ісі – ерлік, өзі жалын, сөзі – ұран.
Жан-жақтан,
Дұшпан қаптап ел тозғанда,
Саңқ етті бұлтты жарып алғыр қыран.

Қайырмасы:
Жаралған жаны намыстан,
Айбатты туған арыстан.
Ереуіл атқа ер салып,
Жапырды жауын шабысқан.
Туған елдің көсемі
Ақ патшамен қарысқан,
Хан, төремен алысқан
Сұңғыла сөзі сұрапыл,
Ақындық қонған данышпан;
Әруақты бабам Махамбет
Тәуелсіз елмен табысқан.

Рухы қуат болған асылымыз,
Бар қазақ шын көсемі батылымыз.
Айтарын жебесімен жазып кеткен,
Өлшемі кайсарлықтың батырымыз.

Қайырмасы

Біртуар Махамбеттей қарқынды адам,
Талпынам білсе екен деп даңқын ғалам.
Рухы мәңгі бірге туған елмен,
Жанартау от жалыны сарқылмаған.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанат Жаубасовқа ақ тілегім

  • 0
  • 0

Жанат Жаубасовқа ақ тілегім
Жанат, сені биіктерден көремін,
Өлеңдерің шығарып жүр өрелі үн.
Кәкімбек Салықов

Толық

Сәбит аға кемеңгер

  • 0
  • 0

Сәбит аға кемеңгер
Ағындаса жел жетпес құлагердей,
Тартынбады алға үздік шыға келмей.
Кәкімбек Салықов

Толық

Бастан кешкен ащы өмір

  • 0
  • 0

Бастан кешкен ащы өмір
Ерте үйретті сабағын.
Нұр төгер деп қай көңіл,
Қадалып көп қарадым.

Толық

Қарап көріңіз