Таңым бар – Ахмет Кендірбекұлы

Бұл бетте «Таңым бар» атты Ахмет Кендірбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бозбалаға таңым бар,
Бозала таңнан тұрмайтын.
Бойжеткенге таңым бар,
Бақытын өзі ұрлайтын.
Уақытқа таңым бар,
Мәнсіз – құнсыз өтетін,
Бұл бақытқа таңым бар,
Басыңа соқпай кететін.
Пақырларға таңым бар,
Туған тілін білмейтін.
Жақындарға таңым бар,
Бірін-бірі тілдейтін.
Пасықтарға таңым бар,
Пайда ойлап кезетін.
Ғашықтарға таңым бар,
Үй болмай жатып безетін.
Көзіме де таңым бар,
Қымсынбай бәрін көретін.
Өзіме де таңым бар,
Таңданып жүріп өлетін.


Пікірлер (1)

Мерейка

Керемет екен жаттап алдым

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңым бар өлеңінің авторы кім?

Ахмет Кендірбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Таңым бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңым бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Кендірбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңым бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері