Зайсан туралы ән

Бұл бетте «Зайсан туралы ән» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жүрегімді күй боп тербей,
Алау атып жүрсің сөнбей.
Сүйсе перзент өз анасын,
Сүйсе сені сүйсін мендей.

Қайырмасы:
Зайсан – таулар, Сайқан, Сауыр,
Зайсан туған дарқан ауыл.
Зайсан – сәнім шалқар көлім,
Зайсан – әнім айтар менің.

Сенде туып, өстім сенде,
Кем болғам жоқ ешкімнен де.
Қатайтып сен қанатымды,
Самал болып естің белде.

Қайырмасы

Сымбатыңа табындым мен,
Өренің боп табылдым мен.
Жақын жүрсем жаным жаздай,
Алыс жүрсем сағындым мен.

Қайырмасы

Өтер уақыт, өтер жыл көп,
Көкірегімде тұндың сыр боп.
Жан толғантар Зайсан-дастан,
Болашаққа жетер жыр боп.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зайсан туралы ән өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Сыдықов — осы өлеңнің авторы.

Зайсан туралы ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зайсан туралы ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құмарбек Сыдықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зайсан туралы ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері