Бұл бетте «Қазақстан – қастерлім» атты Ғабит Тұрсынбайұлы жазған отан туралы өлең берілген.
Ежелгі елім, өр елім,
Шаттықтың күйін төк, елім.
Күн келбетті көркіңнен
Бақыттың өзін көремін.
Қайырмасы:
Бірлік деп соққан жүрегі,
Бейбіт күн айқын тірегі.
Қазақстан – қастерлім,
Қасиет тұнған нұр елі!
Cәулетті елдің санаты,
Сабыр деп соққан сағаты.
Астана мен Алматым,
Биікке самғар қанатым.
Қайырмасы:
Бірлік деп соққан жүрегі,
Бейбіт күн айқын тірегі.
Қазақстан – қастерлім,
Қасиет тұнған нұр елі!
Тәуелсіз елдің халқымыз,
Алуан түрлі қалпымыз.
Достықтың туын көтерген
Жасампаз дәстүр-салтымыз.
Қайырмасы
Бірлік деп соққан жүрегі,
Бейбіт күн айқын тірегі.
Қазақстан – қастерлім,
Қасиет тұнған нұр елі!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі