Қоңыр күз, қобыз мұң

Бұл бетте «Қоңыр күз, қобыз мұң» атты Айтақын Бұлғақов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қоңыр күз, қобыз мұң,
Сары көйлек киді, тал-қайың.
Қамшыға сап боп тобылғың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.

Табиғат торыққан,
Ай жүзін әжім торлаған.
Бұрымы түскен тобықтан,
Арудай жолы болмаған.

Сарыалтын жапырақ,
Ғұмырың келте Жаратқан.
Қараша тумай қалтырап,
Үзілген беймезгіл сабақтан.

Сары түске боялған,
Сарыуайымға салынып,
Не деген, шебер ой Аллам?!
Мезгіл тұр, түске малынып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр күз, қобыз мұң өлеңінің авторы кім?

Айтақын Бұлғақов — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр күз, қобыз мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр күз, қобыз мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр күз, қобыз мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері