Бұл бетте «Өмірдің иран бағында» атты Бүбішхан Тікебаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірдің иран бағында,
Ән салды қыздар тағы да.
Домбыра үнін тыңдадым,
Ақ қайың тұрды жанымда.
Тыңдадым әнді тағы да,
Бұлбұл құс қонды бағыма,
Табиғат тылсым тып- тыныш,
Отырдым үнсіз тағы да.
Өмірдің иран бағында,
Ақ қайың маған сыр ашты,
Есіме алдым Күләшты,
Қозы мен Баян секілді,
Ғашықтар талай сыр ашты.
Өмірдің иран бағында.
Ән бар жерде тылсым бар
Үндемей тыңдап тұрсыңдар,
Құдіретті өнер болмаса
Кездесер ме едік құрбылар
Өмірдің иран бағында.
Уақыт мәнін білейік,
Кештерде бірге жүрейік
Күнде той болсын ауылда,
Қатардан қалмай барайық
Өмірдің иран бағына.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі