Бұл бетте «Бибігүл» атты Бүбішхан Тікебаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Теңіздің түбін қазса шығар алтын,
Сыйлайды әспеттейді сені халқың.
Секілді «Еңлік» – гүлі кір шалмаған,
Күлкіңнің шуағындай жүзің жарқын.
Қайырмасы:
Жібегі – елдің,
Аққуы – көлдің,
Баяны болдың – қазақтың!
Бұлбұл боп сайрап,
Ән айттың жайлап,
Еліңнің сұлу еркесі.
Бибігүл салған әнге халқың құмар.
Ертістің бойында өскен сен бір шынар.
Алаулап ақ жүзіңнен нұр төгілсе...,
Жағада теңіз толқып жатқан шығар.
Қайырмасы
Әсем ән, мөлдір бұлақ, «Қыз қарағай»,
Ақ-қайың жасыл желек, кең далам ай.
Көрікті көл бетінде аққу жүзсе.
Болады көңілің көктем мамыра жай.
Қайырмасы
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі