Келіншек – Сайлаубай Тойлыбаев

Бұл бетте «Келіншек» атты Сайлаубай Тойлыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арманымды тапқандай,
Жүрек толқып жатқандай.
Қос жанарың мөлдіреп,
Тұнығына тартқандай.

Қайырмасы:
Қос жанарың
Тұнығына
Тарта берді келіншек.

Қызғалдақтай құлпырған,
Сенсің арман жыр тұнған.
Көп қараймын қадалып,
Ғашықпын-ау сыртыңнан.

Қайырмасы:
Сезесің бе,
Сенсің бе?

Ғашықпын-ау сыртыңнан.
Көз алдында гүлді рең,
Қиял құсқа ілдірем.
Жүрегімнің лүпілін,
Айтшы қалай білдірем?

Қайырмасы:
Шіркін, қандай
Шіркін, қандай
Шіркін қандай келіншек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері